Жаңалықтар
Мемлекеттік сайттар неге жұмыс істемей тұр?
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) жағдайға түсініктеме берді.
«Мемлекеттік органдардың серверлік орталығының инфрақұрылымындағы техникалық ақауға байланысты «ҰАТ» АҚ қолдау көрсететін бірқатар қызметтер уақытша қолжетімді емес. Осы себепті eGov.kz порталының, eGov мобильді қосымшасының, «Е-лицензия» және «Ашық үкімет» порталдарының, Мемлекеттік органдардың Бірыңғай интернет-порталының және «ҰАТ» АҚ басқа да жобаларының құрамдас бөліктерін пайдаланушылар қызметтердің ішінара қолжетімсіздігіне тап болуы мүмкін «, – деп хабарлады ұйым.
«ҰАТ» АҚ мамандары қызметтердің функционалдығын толық қалпына келтіру үшін бар күш-жігерін салып, жұмыс істеуде. Жұмыстарды аяқтау жақын арада жоспарланған.
«Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталықтарында қызметтердің уақытша қолжетімсіздігі және екінші деңгейлі банктердің өтініштері бойынша мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі болуы мүмкін екенін хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – деп қосты «ҰАТ» АҚ.