Шоу бизнес

«Мен ақша үшін халықаралық әнші болмадым»: Димаш Құдайберген CNN телеарнасына сұхбат берді

12 қарашада Лондонда өтетін концерті алдында Димаш Құдайберген CNN телеарнасына берген сұхбатынан үзінді жарияланды, деп жазады qandastar.kz

Кеше әншіні жанкүйерлері Лондон әуежайында ерекше қошеметпен қарсы алған болатын.

«Сегіз жыл бұрын Қытайда танымал болған қазақ әншісі Димаш – дауыс диапазоны алты октаваға жететін бірегей әртіс. Ол 16 тілде ән айтады! Жақында Нью-Йоркте жеке концертін өткізді, ал осы аптада Лондонда өнер көрсетпек», – деп таныстырды оны CNN жүргізушісі.

Журналист Димаштың алты октавалық диапазоны туралы сұрағанда, ол былай деді:

«Мен білмеймін, мүмкін бұл – Құдайдың сыйы шығар. Осы мүмкіндікті пайдаланып, ұстазым Марат Әйтімовке алғыс айтқым келеді. Ол Ақтөбеде тұрады. Мен әлі күнге дейін күн сайын вокалмен айналысамын. Өзіңді дамыту үшін көп еңбектену керек. Әйгілі Лучано Павароттидің өзі, ән айтуды 50 жылдық мансабынан кейін ғана толық түсінген екен», — деді Димаш.

Сондай-ақ Димаш халықаралық деңгейдегі әнші болуды ақша немесе коммерциялық мақсат үшін таңдамағанын, оның басты мақсаты – Қазақстанды әлемдік сахнада таныту екенін атап өтті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button