Жаңалықтар

«Мен бұл қылмысты жасаған жоқпын»: Ақтауда ер адам өзіне пышақ сұғып, 4-қабаттан секіріп кетті

Фото: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде тұрғын үйдің төртінші қабатынан секірген ер адамның видеосы тарады.

Белгілі болғандай, оқиға Ақтау қаласындағы 28А ықшамауданындағы №4 үйде болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Бейнежазбада ер адам «Мен бұл қылмысты жасаған жоқпын» деп айтып, өзіне пышақ сұғып, артынша төртінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен.

Оқиғаның мән-жайы мен ер адамның кім екені әзірге белгісіз.

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close