Жаңалықтар
«Мен қоқан-лоқы жасап тұрған жоқпын, бірақ соңына дейін барамын»: депутаттар өзара сөзге кеп қалды
Фото: ашық дереккөз
Бүгін Мәжілісте «Жер қойнауын пайдалану» Кодесіне енгізілген түзетулердің таныстырылымы өтті. Сонда «геологиялық ақпаратты сақтау, есепке алу, қолжетімділігін қамтамасыз ету құзіретін Ұлттық операторға беру жөнінде» норма көзделген, деп хабарлайды qandastar.kz atamekenbusiness_qaz-ға сілтеме жасап.
Бірақ мәжілісмен Бақтықожа Ізмұхаметов бұған қарсылық білдіріп, мемлекеттік функцияларды акционерлік қоғамға беру қауіпті екенін айтты.
«Бұл құжатты жасақтаушылар ұлттың мүддесін бірінші орынға қою керек. Мен осы жерді кімнің лоббимен айналысып отырғанын білемін, айтайын ба», – деді депутат.
Сондай-ақ мәжілісмендер Конституцияның 6-шы бабында «жер мен оның астындағы қазба байлық халыққа тиесілі, бірақ халық меншігін мемлекет басқарады» деп жазылғанын еске салды.
Ал жоба авторының бірі депутат Альберт Рау Президенттің тапсырмасын орындап отырғанын айтып, Үкімет қолдауымен таныстырылым болғанын алға тартты.