Жаңалықтар
«Мені айыптап, қудалайын деп жатыр»: Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі күтпеген мәлімдеме жасады

Фото: ашық дереккөз
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі, “Нойс” лақап атымен танымал Нұржан Иманәлиев әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп жазды qandastar.kz Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Ол өзіне жала жабылып жатқанын айтып, жұртты алаңдатып қойды.
«Бір адамды айыптау оңай. Бірақ адамның тағдыры – бір парақ хаттамадан тұрмайды. Оның жүрегі бар. Оның артында тәрбие, өмір жолы, еліне деген сүйіспеншілігі бар. Біз ел тонамаған, біреудің нанын тартып алмаған, ешкімнің көз жасына қалған жауыз емеспіз. Біз де дұға тілейміз. Біз де өз үйімізге аман-есен оралуды аңсаймыз. Біз де елдің тыныштығын қалаймыз. Иә, жастықпен кеткен қателіктер болған шығар. Бірақ біз есейдік, сабақ алдық, түзелдік. Қоғамға пайдасы тиетін азамат болуға тырыстық. Біз ешқашан мемлекетке, үкіметке немесе ел басшылығына қарсы шыққан емеспіз. Қайта, заң алдында міндетіміз болса – жауап бердік. Бүгінде мені дәлелсіз айыптап, жала жауып, қудалауға тырысып жатқандар бар. Бірақ мен ешкімді сатқан жоқпын. Ешқайда қашқан жоқпын. Мен – туған жерін, елін, халқын шын жүрегімен сүйетін қарапайым қазақпын», — дейді ол.