ЖаңалықтарШоу бизнес

«Мені апай деп атама»: филолог Баян Алагөзованың қатесін айтты

Филолог Арын Құнанбайұлы продюсер Баян Алагөзованың «мені апай деп атама» деген пікіріне келіспейтінін білдірді. Ол бұл туралы Narikbi LIVE YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады qandastar.kz. 

Тіл маманының сөзінше, Баян Алагөзованың «не называй меня апай» деуі – қазақ тіліндегі қаратпа сөздер жүйесін өзге тілдің өлшемімен бағалаудың нәтижесі. Оның айтуынша, «апай» сөзі қазақ тілінде кемсіту немесе төмендету мағынасын білдірмейді, керісінше, ресми әрі мәдени қарым-қатынастың бір түрі болып саналады.

«Оқу орындарында «апай», «ағай» деп сөйлеу – мәдениетсіздік те, сауатсыздық та емес. Кейбір тілдерде ресми қатынас есім мен әке аты арқылы жасалса, қазақ тілінде ол туыстық атауларға негізделеді. Сондықтан қазақтың қаратпа сөздерін басқа тілдің үлгісіне икемдеуге болмайды», – деді ол.

Сондай-ақ Арын Құнанбайұлы соңғы кезде қоғамда қаратпа сөздерге деген көзқарас өзгеріп, бұрын қалыпты саналатын атауларға күмәнмен қарау жиілеп кеткенін атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін продюсер Баян Алагөзова «Zamandas» подкастында өзін «апай» деп атағанды ұнатпайтынын айтып, бұл қаратпаны қабылдамайтынын жеткізген болатын.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button