Жаңалықтар

«Менімен не орыс тілінде сөйлесесің, не мүлде сөйлеспейсің»: Дрифт турнирінің жетекшісі желідегілердің наразылығын тудырды

Gorilla Drift Championship турнирінің негізін қалаушы Артем Чекменевтың видеосы желіде тарады. Кадрлардан Чекменевтің өзінен сұхбат алғалы тұрған адамға дөрекі сөйлегенін және қазақ тілінен сөйлеуден бас тартқаны туралы аңғаруға болады, деп хабарлайды qandastar.kz. Stan.kz-ке сілтеме жасап.

«Мен түсінетін тілде сөйлесесіз немесе мүлдем сөйлеспейсіз. «Ей», деп әйеліңе айтасың. Орысша түсінбейсіңбей тұрсың ғой, бауырым?», – деді ол.

Чекменовтың қай жерде туғаны белгісіз. Ашық дереккөздерде оның шығу тегі туралы ақпарат жоқ.
Бейнеролик әлеуметтік желілерде дау тудырды, көптеген қолданушылар Чекменевтің дөрекіленген дауысы мен сөйлесу тонын сынап тастады.

«Мынау кісі қазақты, қазақ тілін қорлап тұр», «Жігіттердің сабырлығы мықты екен. Мен шыдамайтын едім», «Нацист, шовинист бассыздығында шек жоқ», «Тіл үйрену үшін ми керек!» – деп оқырмандар ашуын білдірді.

Редакция мән-жайды толығырақ білу үшін Артем Чекменовтің өзіне хабарласып көрді.

«Бұл жағдай бойынша келесі апта пресс-конференция өткіземіз. Сол кезде бәрін егжей-тегжейлі жеткіземін. Қазір ешнәрсе айта алмаймын. Тек айтарым, олар мені арандатқысы келді», – деп жауап берді Артем Чекменов.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close