Жаңалықтар

«Менің қорғаушыларым қобалжулы»: Жұлдыз Әбдікәрімова заңгерлерден көмек сұрады

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/
Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өзін сан соқтырған алаяқпен соттасатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Киножұлдыз жеңіп шығу үшін заңгерлерден көмек сұрады.

«Сот болады! Менің қорғаушыларым қобалжулы. Қарсы тарап – тамыр-таныстарын қосып, сотқа ықпал етуге әрекет етіп жатыр екен. Қанша жерден дөкейлерін қосып, тырнағын батырғысы келсе де, мен әділ сотқа сенемін. Менің оқырмандарым түрлі пікірде екен. Араларыңызда заңгерлер бар болса, кеңес берсеңіздер. Жазбаны жариялаймын. Ол үшін заңгерлермен ақылдасуым керек. Бәрін толық ашып жазамын», – деп жазды ол желіде.

Өнер иесінің әлеуметтік желідегі оқырмандары арасында заң саласының мамандары табыла кетті. Олар актрисаға қазір сот қатаң бақылауда екенін айтып, қолдау көрсетіп жатыр.

Әділдік бар! Қорықпай, өзіңіздің позицияңызда тұрыңыз! Бастысы – ашық БАҚ-қа жазып отырыңыз. Қазір бәрі қатаң қадағалауға алынған, «Заңгермін! Әділдік бар! Ашық сот отырысы болсын! Уайымдамаңыз» – деп пікір білдірді заң өкілі.

Еске салайық, «Бірнеше құжатқа қол қойдырды» деген Жұлдыз Әбдікәрімова соттасайын деп жатқанын мәлімдеген еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close