Қазақстандық блогер Эммануэлла Наурызбаева хиджабын шешіп тастады, деп жазады qandastar.kz.
Әлеуметтік желідегі парақшасында ол шашын басқа түске бояғанын көрсетіп, видео жүктеген.
Желі қолданушылары блогердің орамалсыз түсірілген видеосын байқап, түрлі пікірлер қалдыруда.
«Осылай болатынын біліп едім», «Өкінішті, орамалмен әдемі едіңіз», «Алла сізге түзу жолды көрсетсін», «Оқырман жинап алып, орамалын шешу блогерлер үшін оңай болды ғой», «Күшті жарасып тұр», «Не дегенімен орамал адамды қартайтады, енді жас қыз болып шыға келдіңіз», «Неткен сұлусыз», «Эммануэлланы сынамайық, әркім өз ісіне жауап берсін», – деп жазған олар.
Айта кетейік, осы жылдың жазында Ақтөбедегі орталық мешітке барған блогер Эммануэлла Наурызбаева бейтаныс жігіттің «бір түндік» некеге тұру туралы әдепсіз ұсынысына тап болды. Бұл сәт видеоға түсіп, блогердің Instagram парақшасында жарияланғаннан кейін, ол әлеуметтік желіде өте танымал болды. Оны көптеген қазақстандықтар қолдап, сол оқиғадан кейін оның әлеуметтік желідег парақшасына жазылғандар саны көтерілген.



