Танымал дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы «ALQA» радиосында қонақта болып, сұрақтарға жауап берді.
Алайда желіде тыңдарман әйелдің «біртүрлі» сұрағы сынға қалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы «ALQA» радиосына сілтеме жасап.
Әйел «Шариғат бойынша еркек адам мүшесін ауыстыруға бола ма? Қазір трансгендерлер ауыстырып жатыр ғой» деген сұрақ қойды.
«Ол ауыстыратын автобөлшек емес қой. Камаз камаз болып, танк танк болып, трактор трактор болып қалуы керек. Велосипед ешқашан трактор бола алмайды. Тура сол сияқты әр нәрсе өз орнында қалу керек. Алла тағала еркек қылып жаратты ма, еркек болып қалу керек. Қазір заман ауысып, адамдар өзгеріп жатыр. Егер ауыстыратын болса, ми ауыстырған дұрысырақ, жеңілірек болатын шығар. Сана берсін. Біздің қазаққа мұндай дүние келмейді деп едік. Бара-бара біздің де етіміз үйреніп бара жатыр. Негізі жақсы нәрсе емес, харам. Тиіспеу керек, тұрған нәрсе тұрсын», — деді имам.
Желі қолданушылары әйелдің сұрағын сынға алып, пікір қалдырып жатыр.
«Жынды болды ма», «имамның сабырлығына тәнтімін» және «қатырады қасқа» деп жазып жатыр олар.



