Жаңалықтар

Миллиардтаған шығыны бар мемлекеттік компания Есіл жағалауындағы жылжымайтын мүлігін сыйға тартты

Фото: sk.kz

Түркия жағалауындағы 36 вилласы бар сәнді Kempinski қонақүйінің 75 пайызына иелік ететін «ҚазМұнайГаз-Сервис» мемлекеттік компаниясы шығынға батып жатыр, — деп хабарлайды qandastar.kz.

PROTENGE телеграм арнасы жазғандай, осыдан 2 жыл бұрын «ҚазМұнайГаз-Сервистің» жинақталған шығыны 101 миллиард  теңгеден асқан. Компанияны тексерген аудиторлардың «ҚазМұнайГаз-Сервис» жұмысын жалғастыра ала ма деп күдіктенгені де елге аян.

Бұл ретте 2022 жылдың желтоқсан айында «ҚазМұнайГаз-Сервис» Астана қаласы Мамбетова № 4 үй мекен-жайы бойынша орналасқан меншікті тұрғындарға өтеусіз бергені айтылады.

Есепте меншіктің тұтас үй не басқа екені ашып көрсетілмеген. Бірақ 2000 жылы салынған үй елорданың төрінде тұр. Есілдің жағалауында, Кенесары хан ескерткішінің жанында және Атырау көпірінен алыс емес жерде орналасқаны да бағасын бағамдайды.

Krisha.kz сайтын ақтарсақ, дәл қазір мұндағы 4 бөлмелі пәтерді 67 миллион теңгеге сатып жатыр екен. Шаршы метрі – 535 мың теңге.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close