Жаңалықтар

Миллионер блогердің 182 мың доллардан асатын криптоактиві бұғатталды

Сот санкциясымен блогер Қайсар Хамзаның 182 мыңнан астам доллар көлеміндегі криптоактивтеріне тыйым салынды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Қайсар Қамзаға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Отандық блогер заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілініп отыр.

Күдікті әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарын пайдалана отырып, қазақстандықтар үшін «Pinco» сайтында тіркелуге және құмар ойындарға қатысуға бағытталған тікелей сілтемелерді, графикалық элементтерді және үндеулерді қамтитын бейнематериалдар мен жарияланымдарды жүйелі түрде орналастырған. Сондай-ақ, бейнероликтер астында пайдаланушыларға бонус беретін жеке промокод көрсеткен.

Заңсыз жолмен алынған кірістерді жасыру мақсатында блогер криптоәмиянды пайдаланған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button