Қазақстанда жұмысшы мамандықтарға сұраныс сақталып отыр. Электронды еңбек биржасының мәліметінше, еңбек нарығында қарапайым қол еңбегіне төленетін жалақы айтарлықтай жоғары. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Аtamekenbusiness_qaz Telegram арнасына сілтеме жасап.
Мәселен, біліктілігі жоқ құрылысшылар айына 350-400 мың теңге, дәнекерлеушілер 350-450 мың теңге табады. Ал автобус жүргізушілерінің жалақысы 380-600 мың теңге, арнайы техника машинистеріне 400-700 мың теңгеге дейін ұсынылады. Ең жоғары еңбекақы өтпел қазушыларға тиесілі – 750-800 мың теңге.
Алайда сарапшылар еңбек нарығындағы басты мәселе жалақыда емес, кадр тапшылығында екенін айтады. Әсіресе 2000 жылдан кейін туған жастар арасында физикалық күшті қажет ететін жұмысқа қызығушылық төмен.



