Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Мінезді болыңдар»: Танымал заңгер 2026 жылды қазақ тілі жылы деп атауды ұсынды

Шерзат ісі бойынша танылған заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желіде қазақстандықтарға үндеу тастады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Ол келесі жыл мемлекеттік қазақ тілі жылы болсын деген ұсынысты көтерді.

«Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде орыс тілінде сөйлеуді талап етіп жатқандар көп.

Алайда Қазақстан Республикасының заң нормаларына сәйкес, ешкім орыс тілінде сөйлеуге міндетті емес.

Керісінше, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңның 4-бабына сәйкес, әрбір қазақстандыққа, ұлтына қарамастан, мемлекеттік тілді — қазақ тілін меңгеру борышы жүктелген.

Мінезді болайық. Мен сот алдында да орыс тілінде сөйлеуді талап еткен өтініштерге бой ұсынбаймын», — деп жазды заңгер.

Айтуынша, президентке үндеу жолдауды ойлап отыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button