Қаржы және төлемдер
Министр елімізде электрондық саудаға сұраныс артқанын айтты
Фото: ашық дереккөз
2020 жылдан бастап еліміздегі электрондық сауда 5 есе ұлғайған Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда министрі Арман Шаққалиев айтты, деп жазды qandastar.kz
“2029 жылға қарай электрондық сауда көрсеткішін үш есеге ұлғайту және оны 9,3 трлн теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл саланы ілгерілету үшін Үкімет онлайн-коммерцияны дамыту жоспарын қабылдады. Ол электрондық сауда мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіруді, еліміздің барлық өңірлерінде электрондық сауданы оқыту курстарын іске қосуды, кәсіпкерлер үшін электрондық саудада мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын енгізуді көздейді”, – деді ведомство басшысы.
2024 жылы онлайн сатып алуға азаматтарымыз 3,2 трлн теңге жұмсаған. Салада 300 мың жұмыс орны ашылған.