Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Министр қай өңірдің суы дәмдірек екенін айтты (ВИДЕО)

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов желіде видео жариялап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Айтуынша, журналистер «қай жердің суы тәтті?» деп жиі сұрайды.

«Журналистер менен «қай жердің суы тәтті?» деп жиі сұрайды. Біз жұмыс бабымен еліміздің барлық өңіріне барып тұрамыз. Барған жерімде міндетті түрде су ішемін. Айтайын дегенім, қайда барсаң да, туған жердің суына жетпейді. Ол судың құрамында тек минералдар емес, адамның балалық шағы, елге деген сағынышы, туған топыраққа деген құрметі бар. Қай өңірдің суы болмасын, оны қадірлеу – туған жерді қадірлеумен тең. Сол себепті әркімге өзінің туып-өскен ауылының суы балдай көрінеді», — дейді министр.

Айта кетері, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов – Жамбыл облысының тумасы.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button