
Фото: ашық дереккөз
Қазақстанда латын графикасына көшу біртіндеп және жүйелі түрде жүзеге асуда. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытқа дейін әліпбидің бірнеше нұсқасы жасалғанымен, лингвист-ғалымдар ортақ келісімге келе қойған жоқ.
«Бұл процесс министрлік бақылауында. Әр нұсқа тек ғылыми және орфографиялық тұрғыда ғана емес, сонымен қатар экономикалық, цифрлық әсерлері бойынша да сарапталуда. Себебі жаңа әліпбиге көшу – құжат айналымы мен жазбаларды өзгерту секілді елеулі шығынды талап ететін ауқымды жұмыс», – деді Саясат Нұрбек.
Министр ең бастысы – асығыстыққа жол бермей, барлық факторларды ескере отырып, дұрыс шешім қабылдау екенін атап өтті.
«Сәл шыдам танытуларыңызды сұраймын. Жұмыс жалғасуда, жақын арада қосымша ақпарат беріледі. Ең бастысы – ғылыми топтың жұмысын толық аяқтауға жағдай жасау», – деп түйіндеді ол.