Жаңалықтар

Министр Перизат Қайраттың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Фото: ашық дереккөз
Мәдениет және ақпарат министрі волонтерлер қозғалысының белсендісі әрі қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайраттың ұсталуына қатысты  пікір білдірді, деп жазады qandastar.kz
«Шулы тергеу қайырымдылық көмегін көрсету механизмдерін жетілдірудің қажеттілігін тағы да еске салып отыр.
Қазіргі кезде Қазақстанда волонтерлік пен қайырымдылық белсенді түрде дамып келеді. Алайда бұл сонымен қатар алаяқтықпен мен пайдакүнемдік әрекеттерге де қолайлы жағдай туғызады.
Сондықтан барлық қазақстандықтарды қайырымдылық көмек операторларын мұқият зерттеуге және тек тексерілген әрі сенімді серіктестермен ғана жұмыс істеуге шақырамын», деп жазды министр.
Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close