Жаңалықтар

Министр уақыт белдеуіне қатысты мониторингтік топ құрылғанын айтты

Фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова уақыт белдеуіне қатысты қазақстандықтардың көңіл күйі туралы сұраққа жауап берді. Атап айтқанда, шенеуніктен уақыттың ауысуы қазақстандықтарды күйзеліске ұшыратты ма деген сұрақ қойылды, деп жазады qandastar.kz

Үкіметте өткен брифингте денсаулық сақтау министріне қазақстандықтардан күндізгі сағаттың қысқаруынан туындаған депрессиялық жағдайға байланысты өтініштер мен шағымдар түскен-түспегенін сұрады.

Ведомство басшысы қазақстандықтардың денсаулық жағдайын бақылайтын арнайы мониторингтік топ құрылғанын айтты.

«Бірыңғай уақыт белдеуі туралы шешім қабылданғаннан кейін денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының базасында халықтың денсаулығының көрсеткіштеріне мониторинг жүргізетін топ құрды Біз алдағы үш жылда ғылыми негізде ұзақ мерзімді мониторинг жүргізу үшін жоба дайындап жатырмыз. Бұл туралы пікір айту үшін өтініштерді тіркеу керек», – деді Әлназарова.

Сондай-ақ журналистер министрдің уақыттың өзгеруіне және «17:00-де сыртта қараңғы болып қалғанына» қалай қарайтынын сұрады.

«Денсаулығыма қатысты шағымдар жоқ. Бұл үшін тиісті жұмыс тобы құрылды», – деді денсаулық сақтау министрі.

Еске салайық, бұған дейін депутаттар уақыт белдеуі мәселесі мәжіліс отырысында қаралатынын айтты. 1 наурызда Қазақстанның барлық аймағы бір уақыт белдеуіне ауысты. Бұдан бөлек бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петиция 50 мың қол жинағаны туралы жазған едік. Ал министрлік бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петицияны қанағаттандырмай қойды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close