ДенсаулықЖаңалықтар

Министр ұшақтағы резонанстық оқиғаға жауап берді

Мәжіліс кулуарында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әлеуметтік желіде кең талқыланған ұшақтағы оқиғаға байланысты журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп жазды Qandastar.kz ақпарат агенттігі kursiv.media-ға сілтеме жасап.

БАҚ өкілдері министрден жағдайдың рас-өтірігін нақтылап, оны «пиар» деп сынаған пікірлерге көзқарасын сұрады.

Әлназарованың айтуынша, мұндай жағдайларға тап болуы бұл жолы бірінші рет емес, тек оқиғаның көпшіліктің назарына алғаш рет іліккені ғана.

«Мен бұған дейін де әуе рейстерінде жолаушыларға медициналық көмек көрсеткенмін. Тек осы жолы біреу суретке түсіріп, желіге жүктеп жіберген. Бортсеріктер жолаушының жағдайы нашарлап, қысымы көтеріліп, құсып жатқанын айтқанда, дәрігер бар-жоғын сұрады. Сол кезде барып көмектестім. Менің орнымда кез келген дәрігер дәл солай әрекет етер еді», – деді министр.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button