Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 2030 жылға дейінгі Көші-қон саясаты тұжырымдамасының негізгі талаптарын түсіндірді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Bairaq_media парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Министрдің айтуынша, саясаттың басты қағидаты – «Заң және Тәртіп». Көші-қон талаптары мигранттарға да, жұмыс берушілерге де бірдей қолданылады.
2026 жылғы қаңтардан бастап ықтиярхат алғысы келетін шетел азаматтары, соның ішінде этникалық қазақтар, алдын ала іріктеуден өтеді. Оған тіл білу тесті, сауалнама, тексерулер және әңгімелесу кіреді.
Мемлекеттік қолдау алу үшін қандастар еңбек күші тапшы өңірлерге қоныстанып, 5 жылдық әлеуметтік келісімшарт жасайды. Ал қолдаусыз тұрақты тұруға рұқсат алатындар өңірді өз қалауынша таңдай алады.



