Қаржы және төлемдер
Министр жанар-жағармайдың алдағы өсіміне қатысты пікір білдірді

Оның айтуынша, бағаның жоғары шегін нарықтың өзі анықтайды.
«Сұраныс пен ұсыныс жағдайына сүйене отырып, бағаға әсер ететін өзге факторлар да жетерлік. Оның ішінде — өндіріс пен қайта өңдеу тізбегінің бүтін бойында мұнай-газ инфрақұрылымына салынып отыратын инвестицияларды тұрақтандыру қажеттілігі. Мұнай өнімдерін сатумен айналысатын желілер шығындары да ескеріледі», — деді министр.
Оның айтуынша, тәжірибеге сүйене отырып, бұл нарықты толығымен бетіне босату жіберу мүмкін емес, яғни реттеуші шараларсыз.
«Ең дұрысы, бағалар көрші елдермен теңестірілуі керек: солтүстіктегі – Ресеймен, оңтүстіутегі – Орталық Азия мемлекеттерімен. Сондай-ақ бұл қабылданған шараларға қарамастан жалғасып жатқан қазақстандық мұнай өнімдерінің бақылаусыз экспортының алдын алу үшін қажет. Бірақ мемлекет нақты бағаны белгілеуді мақсат етпейді. Қалай болғанда да, әлеуметтік жағдай ескеріледі. Баға әлеуметтік тұрғыда жауапты болуы керек және мұнай өнімдері нарығын тұрақсыздандырмауы керек. Сондықтан бағаның жоспарға сай біртіндеп өсуі БҚДА бақылауында болады», — деді Сәтқалиев.
2025 жылғы 27 қаңтарда Энергетика министрі Қазақстандағы бензин мен дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеуді жою туралы бұйрықты бекітті.