Қаржы және төлемдер
Министр: Жастар 600 мың айлықты місе тұтпайды
Фото:
«Солтүстік Қазақстанда жұмыс көп, алайда жастар ол жаққа аяқ басқысы келмейді, деп хабарлайды qandastar.kz
«СҚО Сергеевка ауылына дәнекерлеуші керек, еңбекақысы 600 мың теңге дейді. Сондай жерге бармай жатқан азаматтар бар. Бізде біріншіден, бұл отбасынан басталады. Балаға еңбекке деген ынта отбасында берілу керек. Қытайлық отбасыларға қарсаңыздар, балалар қазір екі ауысымда оқиды, мектепте ұйықтайды екен. Жас кезінен бастап жұмысқа үйренген. «Жұмысқа шығыңыз, 300 мың теңге береді сізге» дегенде біліктілігі, білімі жоқ азаматтар 800 мың теңге сұрайды», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.