Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Министрдің ресейлік ұшақтар туралы «мәлімдемесі» фейк болып шықты

Әлеуметтік желілерде Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы ресейлік ұшақтардың ұшып өткені туралы министр Даурен Қосановтың атынан тараған видео қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Алайда Қорғаныс министрлігі бұл ақпараттың жалған екенін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Ведомствоның хабарлауынша, видеоматериал жасанды интеллект технологиясы арқылы жасалған, ал ондағы дауыс бұрынғы сұхбаттардан монтаждалған.

«Аталған бейнематериал – жалған. Видео жасанды интеллект технологияларын пайдалану арқылы жасалған, ал дауыс бұрынғы сұхбат негізінде құрастырылған. Таратылып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және қорғаныс ведомствосының ресми ұстанымын білдірмейді», – делінген министрлік хабарламасында.

Министрлік жалған ақпараттың ресми мәлімдеме ретінде таратылып жатқанын атап өтіп, қоғамды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

«Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен әлеуметтік желі пайдаланушыларын тек ресми дереккөздерге сенуге және тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырамыз», – деп атап өтті министрліктегілер.

Сондай-ақ ведомство заңнамаға сәйкес көрінеу жалған ақпарат тарату жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button