Қаржы және төлемдер

Министрлік: Блогерлер кірісін растап, салық төлей бастады

Фото: ашық дереккөз

Табысын төмен көрсетіп салықтан жалтарған қазақстандық блогерлер кірісін растап, салық төлей бастады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлім етті, деп хабарлайды qandastar.kz

Бүгінде 50-ден астам блогер 2,5 миллиард теңгеден астам кірісін көрсетті. Олар бойынша салық төленді. Қалғандары бойынша әлі уақыт бар, 30 жұмыс күні берілді. Наурыз айының соңына дейін тексеру жүргізіп, ақпаратты ұсынамыз, — деді Ержан Біржанов.

Айта кетсек, ақпаннан бастап Мемлекеттік кірістер комитеті табысын төмен көрсеткен 594 блогерге қатысты 53,3 млрд теңгенің хабарламасын жібере бастады. Тексеру, салыстыру қорытындысы бойынша 594 тұлғаның табысында 53,3 млрд теңгеге сәйкессіздік анықталған.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close