Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Министрлік елордада қаза тапқан фельдшердің қабіріне ескерткіш белгі қоймақ

Мәжіліс куларында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ұлдана Мырзуанның есімін ұлықтауға арналған бірқатар шаралармен бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы sn.kz-ке сілтеме жасап.

Айтуынша, елордадағы Ұлдана Мырзуан оқыған медициналық колледждегі дәрісханаға оның есімін беру жоспарланып отыр.

«Жедел жәрдем станциясы басшылығы арқылы Ұлдана Мырзуан оқыған медициналық колледжде оның атына аудитория ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл – біз үшін өте ауыр, өте қайғылы оқиға. Сондай-ақ марқұмның аты ұмытылмас үшін ескерткіш орнатқымыз келеді», — деді министр.

Сондай-ақ Ұлдана Мырзуанның қабіріне ескерткіш белгі қойылады.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада 23 жастағы фельдшер қызметтік борышын атқару барысында көппәтерлі тұрғын үйдің кондиционер қондырғысының құлауы салдарынан ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмды.

Ұлдана Мырзуан қаза тапқаннан кейін «Ерлігі үшін» наградасымен марапатталды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button