Жаңалықтар

Министрлік тегін дәрілердің тізімін қысқартпақ

Фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрлігі емделушілерді қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жаңартуды көздеп отыр, деп жазды qandastar.kz

«Жобада өлім-жітім мен өмір сүру ұзақтығына әсер ететін созылмалы ауруларды емдеуге басымдық беріліп, осы критерийлерге сәйкес келмейтін 32 нозологияны тізімнен алып тастау жоспарланған», – делінген «Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатта.

Тізімнен капсулалар, жақпа майлар, көз тамшылары, ұнтақтар, инъекцияға арналған ерітінділер және таблеткалар сияқты ондаған дәрі-дәрмек алынуы мүмкін.

Құжат 14 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға салынады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close