Жаңалықтар
Министрлік: Жалған дипломның дәуірі аяқталды

Фото: ашық дереккөз
Ғылым және жоғары білім министрлігі жалған диплом дәуірі аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Вице-министр Гүлзат Көбенованың айтуынша, енді кез келген жұмыс беруші EPVO жүйесі арқылы дипломның түпнұсқалығын оңай тексере алады.
1991 жылдан бері берілген 3,5 миллионнан астам диплом цифрлық базаға енгізілген.
«Соңғы жылдары берілген дипломдарда QR-код пен сериялық нөмір бар. Сол арқылы адамның шынымен оқыған-оқымағаны әп-сәтте анықталады», – деді вице-министр.