Жаңалықтар
Министрлік жауабы: Су тасқынынан зардап шеккендер мемлекет салған үйді сата ала ма?
Фото: gov.kz
Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар мемлекет салған үйді сата алады, деп хабарлады qandastar.kz Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков.
Жүнісбеков салынған үйлер толығымен халықтың меншігінде екенін түсіндірді.
«Бұрынғысының орнына үй салу мүмкін болмаған соң, басқа жер телімдері бөлінді. Бірақ олар көбінесе алдыңғыларға қарағанда шаршы метрі жағынан әлдеқайда аз болды. Бақытжан Жүнісбеков мұндай мәселелер жеке қаралғанын, биліктің бастапқы міндеті ең төменгі деңгейді қамтамасыз ету екенін түсіндірді. Тұрғындар су басқан үйлер тұрған жерлерді жергілікті әкімдіктердің балансына беруге мәжбүр болды», – деді төраға.
Айта кетейік, бір үйді салу құны 22 миллионнан 27 миллион теңгеге дейін жетеді.