Жаңалықтар
Минутына 17 мың сөз оқитын ақтаулық оқушы көпшілікті таңғалдырды

Ақтау қаласының 6-сынып оқушысы Самир Валерий туралы минутына 17 мың сөз оқиды, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.
Оқу-ағарту министрлігі «100 жаңа есім — 100 новых лиц» айдары аясында қабілеті кез-келгенді таңғалдыратын Ақтау қаласының 6-сынып оқушысы Самир Валерий туралы видео жүктеді.
Екі жыл бұрын Самир минутына 90 сөзден артық оқи алмайтын. Алайда, жүйелі жаттығулар мен ұстазының қолдауының арқасында көрсеткішін едәуір жақсартты. Қазір оның оқу жылдамдығы минутына 16–17 мың сөзге жетеді.
Ақпаратты жоғары жылдамдықпен қабылдау Самирге сабақта өзіне сенімді болуға және тек гуманитарлық пәндерде ғана емес, нақты ғылым пәндерінде де жетістікке жетуге көмектесуде. Ол қалалық және аудандық олимпиадалардың жүлдегері, ал 2023 жылы мектебінде «Жыл оқушысы» атағына ие болды.
Самир сыныптастары арасында ұйымшыл, мақсаткер және жауапты оқушы ретінде танымал. Ол мектеп өміріне белсене араласып, көшбасшылық қабілетін және өсуге деген ұмтылысын көрсетіп жүр. Оның айтуынша, болашақта ел игілігі үшін қызмет етіп, білім, өнер және спорт салаларында өзін танытқысы келеді.