Қаржы және төлемдер

Мобильді аударымдарды бақылаудың жаңа тәсілі енгізеді

Фото: ашық дереккөз

Мобильді аударымдарды бақылаудың жаңа тәсілі 2026 жылдан бастап енгізіледі, деп жазады qandastar.kz

Жаңа ережелерге сәйкес, егер бір тұлға үш ай бойы әртүрлі 100 дереккөзден аударымдар алса және олардың жалпы сомасы 12 айлық ең төменгі жалақы мөлшерінен асатын болса, онда осындай аударымдар мониторингке алынады.

«Бұл шаралар Салық кодексі жобасында қарастырылған, бүгін оны Мәжіліс қабылдады. Сенатпен келісілгеннен кейін біз Ұлттық банкпен бірге бірлескен бұйрық шығара аламыз. Тіпті егер біз бұл нормаларды мамыр немесе маусым айларында қабылдасақ та, банктерден ақпаратты тек жылдың соңында аламыз. Яғни, 2026 жылы 2025 жылға қатысты деректерді бақылауға аламыз. Біз тек жылына бір рет тексеру жүргіземіз», – деді Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close