Жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова: «Бір тиын ақшасын қимайтын еркексымақтарға күнімізді қаратпағанына шүкір»

фото: ашық дереккөз

Әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі жазбасында алимент төлемей жүрген ер адамдарды сынға алды, деп хабарлайды qandastar.kz

Ол нағыз әке қамқорлығы ешқашан ақшаға тәуелді болмайтынын айтып, жауапкершіліктен қашатындарға наразылығын білдірді.

Әуелбекова сотта алименттен жалтарып жүргендердің жауапқа тартылып жатқанын атап өтіп, әзіл-шыны аралас «өзім де алиментке беруім керек пе еді?» деген ойымен бөлісті.

Оның айтуынша, баласына уақытын да, қаржысын да қимайтын ер адамдарды «еркексымақ» деуге болады.

«Нағыз ер азамат алиментсіз-ақ баласына қамқор болады. Қалғаны бос сөз. Бір тиын ақшасын, бір минут уақытын баласына қия алмаған еркексымақтарға күнімізді қаратпағанына шүкір!», – деп жазды ол.

Әнші өз сөзінде ата-ананың басты міндеті – баласына дұрыс тәрбие мен қамқорлық көрсету екенін еске салды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button