ЖаңалықтарШоу бизнес

«Мөлдір қазір шыққан сияқты»: заңгер Тұрсынбек Қабатовтың экс-жұбайы жайлы тың ақпаратпен бөлісті

Айнұр Болат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Мөлдір Мұқанова жайлы ойын айтты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

Ол белгілі әзілкештің экс-жұбайы жайлы желіде тараған теріс пікірлердің ешқайсысымен келіспейтінін алға тартты.

«Астанаға көшкелі мен Мөлдірді танимын. Қазір Мөлдір туралы көп әңгімелер шығып жатыр ғой. Олардың ешқайсысымен келіспеймін. Тұрсынбектің арқасында көтерілді деп. Мен Мөлдірмен танысқан кезде Мөлдірде мейрамхана бизнесі болды. Үлкен орталығы болды. Ұйымдастыру тобы болды. 1-2 адамнан емес үлкен командасы, қызметкерлері болды. Сол кезде-ақ оның жеке бухгалтері болды. Ол бұл киноға дейін де үлкен жобалары болды», — деді ол.

Айтуынша, Мөлдірдің бір жақсы қасиеті ол ешқашан ештеңені жарияламайды.

«Сол себепті Мөлдір қазір шыққан сияқты. Бірақ Мөлдір ол бұрыннан Мөлдір», — дейді заңгер.

Алайда желі қолданушылары оның бұл пікірімен келіспеушілік білдіріп жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button