ЖаңалықтарШоу бизнес

«Мөлдір Мұқанның образы 5 млн теңгеден асады»: Сән эксперті талдау жасады

Кәсіпкер Назерке Досмағанбетова Тұрсынбектің бәйбішесі Мөлдір Мұқанның бір реттік образына талдау жасад, деп жазады qandastar.kz

Сән экспертінің есебінше, оның үстіндегі Deesses брендінің ақ-қара түсті костюмі – 118 550 теңге, ал Van Cleef коллекциясындағы сырғасы – 2 961 000 теңге, дәл сол брендтің сақинасы – 1 958 000 теңге тұрады.
Сондай-ақ аяғындағы JW Anderson туфлиінің бағасы – 308 900 теңге. Осылайша, Мөлдір Мұқанның бір реткі образының жалпы құны 5 347 000 теңгеге жетеді. «Байлар да жылайды» деген осы болар…
Байер жасаған бұл талдауға қатысты жұрттың пікірі де екіге жарылды.

Желі қолданушылары түрлі пікір жазды. Соның ішінде «Мынандай миллиондарға киініп алсам, үнсіз жүрмес едім» десе, «Біз Мөлдірді мүсіркеп жүрсек…», «Үш мың теңгелік кроссовкимен шауып жүріп, айдаладағы Мөлдірге жылап жүрген мені кім деуге болады?» деген пікірлер қалдырды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button