Жаңалықтар

Мөлдір Мұқанова баласының туған күніне қымбат сыйлық жасады

Фото: Видеодан скрин

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанованың ұлы Нұриман 12 жасқа толды. Анасы ұлын туған күнімен әлеуметтік желі арқылы құттықтап, оған ерекше сый жасағанын жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz.

Мөлдір Мұқанова ұлына «Қайрат» пен Испанияның әйгілі «Реал Мадрид» арасындағы ойынын тамашалауға арналған VIP-билет сыйлаған.

– Сен біздің үйдің тірегісің. Болашағың жарқын болсын, – деді Мөлдір Мұқанова. Желі қолданушылары Нұриманға ақ жол тілеп, жылы лебіздерін арнауда.

Айта кетейік, «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы тарихи ойын 30 қыркүйекте Алматыда өтеді. «Реал Мадрид» алғаш рет «Қайратпен» ойнайды.

Back to top button