Жаңалықтар

«Моральдық өтемақы аламын»: Ақтаулық блогер сотта Антикорды жеңді

Фото: инстаграм

Кассациялық сот ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаевқа қатысты «жала жабу» бабы бойынша берілген 20 тәулікке әкімшілік қамау шешімін заңсыз деп танып, оны күшін жойды, деп хабарлайды qandastar.kz

Бұл туралы блогер өзі әлеуметтік желіде мәлімдеді.

Сәрсенбаев сот әділ шешім қабылдағанын айтып, бірінші инстанция үкімінің күшін жойғанына ризашылығын білдірді. Ол адвокаттарына алғыс айтып, бұл нәтижені Президент жариялаған сот реформаларының жемісі деп атап өтті.

Блогердің қорғаушысы істің заңсыз қозғалғанын жеткізді. Себебі, «жала жабу» бабы тек жеке тұлғаға қатысты қолданылуы керек, ал бұл жағдайда жәбірленуші ретінде мемлекеттік орган көрсетілген.

Сот шешімі күшіне енген со, блогер заңсыз әкімшілік қудалау үшін моральдық өтемақы талап ету ниетін білдірді.

Айта кетейік, биыл 28 мамырда Азамат Сәрсенбаев Instagram-дағы парақшасында антикоррупциялық қызмет туралы жазба жариялағаннан кейін 20 тәулікке қамалған еді. Ол жазба Ақтаудағы донер сатушы мен келуші әйел арасындағы дау туралы болды.

Back to top button