Жаңалықтар
Мотоциклшіні пышақтап кеткен күдікті ұсталды

Фото: pixabay
Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, деп жазды qandastar.kz
Жамбыл облысы Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде суық қару қолданылған шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.
«Жәбірленуші шетел азаматына полицейлер жедел көмек көрсетіп, ауруханаға жетуін қамтамасыз етті. Медициналық көмек көрсетілді. Ол ауруханаға жатудан бас тартты. Өміріне қауіп жоқ. Күдікті қылмыс ізін суытпай қашпақ болған сәтінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді министр.
Іс бойынша тергеу барысы тікелей Сәденовтің бақылауында. Жаза бұлтартпастығы қағидасы толық сақталады. Барлық кінәлі заң аясында қатаң жауапкершілікке тартылады.