Білім саласының кәсіпкері Сәуле Тұрсынбек ата-аналардың чатында мұғалімдер мен тәрбиешілердің мазасын алатын ата-аналарға үндеу жасады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Тizginkz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ол күн-түн демей ортақ чатқа түрлі сын пікір жазып, мұғалімдер мен тәрбиешілерді қызметкеріндей көретіндерді түсіністікке шақырды.
“Мұғалімдерді келініндей, есік алдындағы құлындай көру дұрыс мәдениет емес”, — дейді ол.



