Білім

Мұғалімдерге 8 наурызға сыйлық беруге бола ма?

Фото:pixabay.com

Шымкент қаласының Білім басқармасы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне ақша жинауға тыйым салынатынын ескертті, деп хабарлайды qandastar.kz

Білім басқармасы наурыздағы мерекелер қарсаңында ата-аналардан, ұстаздардан, студенттер мен оқушылардан түрлі мақсатта ақша жинауға қатаң тыйым салынғанын ескертеді.

ҚР заңнамасына сәйкес алдағы мереке күні білім беру ұйымдарының ұстаздарына, әкімшілікке, кез келген қызметкерге сыйлық беру, мерекелік кештерге ақша жинауға қатаң түрде тыйым салынады. Осыған орай барлық білім беру ұйымдары бұл талаптарды қатаң сақтауға тиіс, — деді басқарма өкілі.

Мекеменің мәліметінше, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әлеуметтік теңдікті сақтау мақсатында кез келген материалдық құндылықтарды жинауға жол берілмейді.

Білім басқармасы бұл талаптардың орындалуын қатаң бақылауда ұстап, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдайды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close