Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Мүгедек жандар жайлы ауыр айтқан шенеунікке тағдыры «ерекше» депутат жауап қайтарды

Мәжіліс депутаты Динара Наумова әлеуметтік желіде тараған Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасарының сөзіне қатты наразылық білдірді, деп хабарлайды qandastar.kz  порталы.

Депутаттың айтуынша, мұндай пікірлер ерекше қажеттілігі бар адамдар мен олардың отбасылары күн сайын бастан өткеретін шынайы күресті мүлде түсінбеуден туындайды.

«Сөз не қолдайды, не жаралайды – таңдау сізде! Әр кішкентай алға басқан қадамның артында – орасан еңбек тұрған ұзақ жол», — дейді Наумова.

Динара Наумова сал ауруымен дүниеге келген. Депутат алғаш рет өзінің диагнозына байланысты ата-анасынан бөлек тәрбиеленгенін, қиын кезеңдерді жалғыз еңсергенін ашық айтты. Сол өмірлік тәжірибе оны ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған орталықтар ашуға итермелеген. Үш жыл бойы оның командасы мұндай балалардың физикалық және психоэмоционалдық дамуына қолдау көрсететін кеңістік қалыптастырып келеді.

«Бұл – ешкімді қаралау емес, қоғамды ойландыруға шақыру. Сөз – қолдаудың да, күйретудің де құралы. Қай жолды таңдау – әрқайсымыздың қолымызда», — деп қорытындылады депутат.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button