Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Мүгедектерді Алла жазалап қойған»: Әкімнің орынбасары аңдамай сөйлеп, оңбай сөз естіп жатыр

Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатовтың мүгедектігі бар азаматтарға қатысты айтқан сөзі қоғамды дүрліктірді, деп жазды qandastar.kz

Инстаграмдағы elitar.kz парақшасында жарияланғандай,  халықпен кездесу барысында Есболатов аңдамай сөйлеген.

«Мүгедектігі бар адамдарды құрметтеңіздер, Алла оларды жазалап қойған. Алла сіздерді мұндай қиындықтан сақтасын», – деген.

Мәлімдеме әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көптеген азаматтар мұны кемсітушілік деп бағалады. Қоғамдағы теріс реакциядан кейін Есболатов түсініктеме беріп, өзінің ойы бұрмаланғанын айтты.

«Менің мақсатым — мүгедектігі бар азаматтарға құрмет көрсету қажеттігін жеткізу еді. «Алла үлкен сынақ берді» деген мағынада айтқанмын. Егер сөзім дұрыс қабылданбаса, кешірім сұраймын», – деді ол.

 

Back to top button