ЖаңалықтарШоу бизнес

Мұхтар Шаханов қанша жасында өмірден өтетінін айтты (ВИДЕО)

Танымал ақын, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шаханов «1001 түн» бағдарламасына қонақ болды, деп жазады qandastar.kz.

Бағдарлама барысында ақын жастық шағында басынан өткен ерекше оқиғасын еске алды. Ол бір кездері көріпкелмен кездесіп, өз тағдыры жайлы болжам естігенін айтты.

«Шымкенттің ар жағындағы Бадам деген жерде тұрдық. Біреудің малханасында өмір сүрдік. Көршілерден ақша сұрап, Шымкентке бармақ болдым. Ақша болмаған соң жаяу бардым. Базарды кесіп өтіп бара жатқанымда, беті шұбар бір адам қолыңа қарап, тағдырыңды айтып береді дегенді естіп, мен де қолымды ұстаттым. Ол маған: «Балам, сен бүкіл жер шарын аралайтын адам боласың. Сендей абырой биігіне көтерілген жан болмайды. 93 жасқа келіп дүниеден өтесің», – деді», – деп бөлісті ақын.

Ақынның айтуынша, көріпкелдің сөзі шындыққа айналған. Ол әлемнің барлық мемлекетінде болғанын, бүгінде 93 жасқа дейін әлі 11 жылы қалғанын айтып, әзілмен соны күтіп жүргенін жеткізді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Нұрлыбек Мылтықбайұлы (@nur.nurlybek)

Ұқсас Мақалалар

Back to top button