Жақында ғана өзінен 15 жас кіші қызға үшінші рет үйленіп, әлеуметтік желіні шулатқан актер Дәурен Айдарқұлов өзінің некесі жайлы айтып берді, деп жазады qandastar.kz.
Өзі екі рет үйленіп, бес баласы бар ер адам болғандықтан, «маған ешкім тимейтін шығар» деген күмәні болғанын ол жасырмады.
«Менің кредиттік тарихым нашар. Екі рет ажырасқанмын, бес балам бар. Маған кім үйленеді? Кім маған тұрмысқа шығады деп ойлайсың ғой. Алланың қалауымен, алдында тұрмыс құрмаған сондай жарды кезіктірдім», – деді ол.
Сонымен қатар актер неке қидырғанға дейін болашақ жарымен тек телефон арқылы сөйлескенін айтты. Тіпті неке қиылардың алдында ғана оны алғаш рет өмірінде көрген.
«Негізі, біз трендте таныстық, ары қарай сөйлесе бастадық. Шілденің 19-ынан бастап сөйлесіп жүрдік, некемізді қыркүйектің 26-сы күні қидық. Сол күні мен оны өмірімде бірінші рет көрдім. Бір-бірімізді енді танып жатырмыз», – деді ол.
@bbb_trende #рекомендации #реки #актер ♬ оригинальный звук — BIZDE BARI BAR



