Әлем жаңалықтары

Мұнай, миллиардтар және бақылау: Трамп АҚШ-тың Венесуэлаға қатысты жоспарын жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэлада жүргізілген әскери операцияны «мінсіз орындалған» деп атап, оны Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі теңдессіз оқиға ретінде бағалады, деп жазады qandastar.kz сайты BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Дональд Трамптың айтуынша, америкалық әскер шығынға ұшырамаған, ал АҚШ билікті тапсыру үдерісі аяқталып, мұнай инфрақұрылымы қалпына келгенге дейін елде қалуға дайын.

Арнайы баспасөз мәслихаты барысында АҚШ президенті «Түн ортасындағы балға» деген кодтық атаумен өткен операцияның толықтай сәтті болғанын айтты:

Бұл – адамдар Екінші дүниежүзілік соғыстан бері көрмеген ауқымдағы оқиға. Венесуэладағы операция барысында АҚШ армиясының бірде-бір техникасы жоғалған жоқ. Олар біздің келетінімізді білді. Дайын күйде болды, – деді Трамп.

Сот, мұнай және Венесуэланың болашағы

Трамп Николас Мадуро мен оның жұбайы америкалық сот алдында жауап беруге тиіс екенін мәлімдеді.

АҚШ президенті операцияның экономикалық қырына да ерекше тоқталды:

Біз әлемдегі ең ірі мұнай компанияларымызды қатты зақымданған мұнай инфрақұрылымын жөндеуге миллиардтаған доллар жұмсауға және оны АҚШ-қа пайда әкеле бастауға мәжбүрлейміз, – деді Трамп.

Сонымен бірге ол Вашингтонның ұзақ мерзімді мақсат көздеп отырғанын айтты:

Біз Венесуэла халқы үшін бейбітшілік, бостандық және әділдік орнауын қалаймыз. Америкалықтардың қатысуы қысқа мерзімді болмайды, – деді Трамп.

Биліктің дұрыс әрі ретімен ауысуы үшін қажет болғанша Венесуэлада қаламыз».

Дегенмен, ол жағдайдың әрі қарай ушығуы міндетті емес екенін де жоққа шығармады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button