Қаржы және төлемдер
«Мұндай ақшам болса Қазақсанда жүріп нем бар?»: Салық «төлемегендердің» тізіміндегі қазақстандықтар

Фото: ашық дереккөз
Қыруар салық төлемегендердің «тізімінде» жүрген танымал қазақстандықтар бұл жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды qandastar.kz
Айта кетейік, күні кеше журналист Михаил Козачков телеграм арнасында салық төлемей жүрген танымал қазақстандықтардың тізімін жариялаған болатын. Оның ішінде, блогер, кәсіпкер Бейбіт Әлібеков көш басында тұр. Тізімдегі ақпаратқа сәйкес, Әлібеков екі миллиардтан аса салық төлемеген.
Dalanews.kz жазғандай, тізімде кәсіпкер Сырымбек Тау бар. Ол 114 миллион теңге салық төлемеген көрінеді. Алайда кәсіпкер оған қатысы бар компаниялар кемінде 10 миллиард теңгеден астам салық төлегенін айтты.
«114 миллион теңгеге жарнама жасап, салық төлемеді немесе блогер ретінде 114 миллион теңге табыс тапты деген ақпарат түсініксіз. Осы мәселеге қатысты есепшім барлық құжаттарды мұқият тексеріп, 2022-2023 жылдарға қатысты мән-жайды анықтайды.
«Салық қызметкерлері мені заңсыз жарнамамен айналысты деп күдіктеніп, ол бойынша салық төлемеді деп ойлап, менің барлық жеке банк карталарымнан барлық қолма-қол ақша операцияларын сұрады. Менің ақша айналымыма қол жеткізіп, салық қызметкерлері оның бәрі жарнаманың ақшасы деп ойлаған. Бірақ оның ішінде заңды тұлғалардан бірде-бір ақша түспеген. Бәрі жеке аударымдар – отбасылық аударымдар, басқа банктегі шоттарымнан, өз депозиттерімнен, банкоматтардан қолма-қол ақшаны толтыру және т.б. Салық органдары мұның барлығын жарнама үшін салық салынатын табыс ретінде есепке алған.
P.S: Дәл осындай құлшыныспен салық қызметкерлері Азаттық тілшілері анықтаған Біріккен араб әмірліктерінде элиталы үйлері бар екені анықталған шенеуніктер, судья, банкрот болып жатқан ұлттық компаниялардың басшыларын тексерсе жақсы болар еді», дейді Тайжан.
Сонымен қатар, әлеуметтік жазбалардың бірінде белгілі блогер Өркен Кенжебек те тізімде жүруіне қатысты пікір білдірген.
«Айналамдағы бар ақшаны есепке алған-ау. Мұндай ақшам болса Қазақсанда жүріп нем бар?» дейді блогер.