Шоу бизнес

«Мұның не?!»: Ұлықпан Жолдасов пародистің әзіліне ренжіді

Әнші Ұлықпан Жолдасов танымал пародист Олжас Сыдықбектің қалжыңына реніш білдірген. Бұл туралы Олжас «Хабар» арнасындағы «КЕШREC» бағдарламасында әңгімеледі, деп жазады qandastar.kz.

Оның сөзінше, әріптестерімен бірге әзіл ретінде Ұлықпан Жолдасовқа жалған қоңырау шалып, «салық органдарынан ескерту келді» деп айтқан. Әнші сол сәтте Астанаға жолда болып, хабарды шын қабылдап, екі күн бойы уайымдаған.

«Екі күннен кейін бәрін білген соң, “мұның не, мен ұйықтай алмай жүрмін!” деп қатты ренжіді», – дейді пародист.

Оқиға желіде қызу талқыланып, көпшілік бұл қалжыңды орынсыз деп сынады. «Аға буынмен бұлай ойнауға болмайды», «Біреудің жүйкесін тоздырғанша, басқа әзіл таппадың ба?» деген пікірлер жазылды.

Айта кетейік, бұған дейін актриса Айгүл Иманбаева да әріптесіне әзіл айтып, «Ұлықпан Жолдасов бұл өмірде қартаймайтын жалғыз адам шығар» деп қалжыңдаған еді. Әнші сол кезде де қалжыңды көтеріп, студиядағыларды күлдірген болатын.

Back to top button