
Атырауда бала өліміне әкелген орын алған қайғылы оқиғадан кейін сот отырысы өтті. Есте болса, 7 жасар қыздың үстіне ескерткіш құлап, салдарынан бала көз жұмған еді, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Сот мүсінші Дмитрий Баймұқашевты 1,5 жылға бас бостандығынан айырып, жәбірленушілерге өтемақы төлеуге міндеттеді.
Алайда ол ескерткішті орнату кезінде мүлде болмағанын, жұмысты мердігер компания атқарғанын айтты. Соған қарамастан, компания өкілдері іс бойынша тек куәгер ретінде танылған.
Белгілі болғандай, 2020 жылы әкімдік бастамасымен орнатылған ескерткіштерге рұқсат пен техникалық бақылау жасалмаған.
Қайғылы оқиға 2024 жылдың 26 маусымында болған. 7 жасар қыздың үстіне 200 келілік ескерткіш құлап, ол ауруханада көз жұмған.



