Жаңалықтар

Мың теңгелік жаңа купюра желіде сынға қалды — Ұлттық банк түсініктеме берді

Фото: Ұлттық банк

Жаңа 1000 теңгелік банкнот желі қолданушыларының сынына ұшырады. Ұлттық банк оның Жеңіс күніне арналған мерейтойлық шығарылым екенін мәлімдеп, дизайн ерекшелігін түсіндірді, деп хабарлады qandastar.kz.

Алайда елімізде айналымға шыққан жаңа 1000 теңгелік банкнот көпшіліктің көңілінен шықпады. Threads желісінде пайдаланушылар жаңа купюраның бейнесі бар фото және видеоларды жариялап, түрлі пікір білдірді.

Көпшілігі банкноттың сырт келбетін сынап, «цирк билетін еске салады», «неге әр бірнеше жыл сайын дизайн өзгереді?» деген сынды пікірлер қалдырған.

Ұлттық банк бұл сынға жауап берді. Ведомствоның мәліметінше, жаңа банкнота – 2025 жылғы 9 мамырда шығарылған мерейтойлық шығарылым. Оның жалпы таралымы 5 миллион дана.

«Бұл банкнота Жеңіс күніне арналған. Ол отандастарымыздың ерлігі мен батырлығын еске алу мақсатында шығарылды. Ал түс гаммасы бұрынғы 1000 теңгелік үлгілерге сәйкес сақталған», – деді Ұлттық банк өкілдері.

 

Back to top button