Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева марқұм күйеуі Тасқын Оқаповпен бірге түскен суреттерін жариялап, елдің ықыласына бөленді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба қалдырды.
«Жан жүрегім елжіреп, сағынғанда
Бір сен едің аңсаған таңым алда…», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары тарапынан бұл жазба қолдау тапты.
«Ризамыз сізге, жастайымыздан сізге еліктедік, рухы биік адалдығыңыз, асыл Жан», «Нағыз адал махаббат» және «Махаббатына берік, сүйген Азаматына адал, керемет Жансыз» деп жазып жатыр олар.
Айта кетері, Роза Рымбаева Тасқын Оқаповқа 1976 жылы тұрмысқа шыққан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



