Шоу бизнес

«Нағыз қазақтың рухы»: жас домбырашылар әлеуметтік желіні тәнті етті (ВИДЕО)

Павлодар қаласынан шыққан жас домбырашылар триосы әлеуметтік желі қолданушыларын өз өнерімен баурап алды. Олардың домбырамен орындаған видеосы қысқа уақыт ішінде жүздеген мың қаралым жинап, ұлттық аспапқа деген қызығушылықты қайта жандандырды, деп жазады qandastar.kz.

Бейнеролик желіде белсенді түрде таралып, жазбалардың астында мыңдаған пікір қалдырылды. Көпшілік музыканттардың орындау техникасын, сондай-ақ шығармаларды ерекше сезіммен жеткізе білуін жоғары бағалады.

Пайдаланушылардың айтуынша, өнерпаздар орындау кезінде толықтай музыкаға беріліп, бар жан-тәнімен ойнайды. Бұл олардың өнерін домбыраға арналған өзге видеолардың арасынан айрықша даралап көрсетеді.

«Тыңдай бергің келеді»,

«Домбыра дәл осылай шырқалуы керек»,

«Өте керемет орындау»,

«Олардың бұл музыкамен өмір сүріп жүргені сезіледі»,

«Нағыз қазақтың рухы», – деп жазды желі қолданушылары.

@adaiteam Amanat x Kõk tu #trioadai #cover #рекомендации #лучшее ♬ оригинальный звук — Trio «Adai»

Back to top button